- Басты
- «Нұрлы жол» жобаларын мерзімінде тапсыру үшін 5 млн доллардан астам қарыз тартылады – ҚР ИДМ
«Нұрлы жол» жобаларын мерзімінде тапсыру үшін 5 млн доллардан астам қарыз тартылады – ҚР ИДМ

«Нұрлы жол» жобаларын мерзімінде тапсыру үшін халықаралық қаржы институттарынан 5 млн доллардан астам көлемде займ тарту жоспарлануда. Тартылған қаржы есебінен мына жобалар жүзеге асырылады: Қарағандыдан Куртовқа дейін «Орталық-Оңтүстік» жобасы, Астанадан Астраханьға дейін «Орталық - Батыс» жобасы, сонымен қатар Ұзынағаш-Отар, Жетібай-Жаңаөзен учаскелері», - деді А.Беков.
Сонымен, бүгінде аталмыш учаскелер бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық сметалық құжатнаманы жасақтау жұмыстары жүргізілуде.
«Жыл соңына дейін және 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында займ туралы келісімді ратификациялау және қол қою жоспарлануда. Жобаларды жүзеге асыру 2016 жылдың екінші жарты жылдығына қарастырылған», - деп толықтырды комитет төрағасының орынбасары.
«Президент Қазақстанның орталығын негізгі ірі өңірлермен жалғау тапсырмасын алға қойды. Біз Астана-Алматы, Астана-Өскемен, Орталық-Батыс жобаларын жүзеге асырамыз. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың аяғына дейін 5 млрд астам АҚШ доллары шетелдік инвестицияларын тартуды жоспарлаудамыз», - деп бөлісті ол.
Оның айтуынша, инвестицияларды тарту мәселесі бойынша министрлік Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен және бірқатар халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргізеді. Келісімдерге биылғы жылдың күзінде келіссөздердің қортындылары бойынша қол қою жоспарланған.
Ботагөз Айтжанова
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді

