- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың соңында «Орталық-Шығыс» жобасы аясында 100 шақырым қозғалыс ашылады
2015 жылдың соңында «Орталық-Шығыс» жобасы аясында 100 шақырым қозғалыс ашылады
« «Орталық-Оңтүстік» жобасы Астанадан Алматыға дейін Теміртау, Қарағанды, Балқаш қалаларын басып өтеді, 2013 жылы Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай учаскелері жөнделді. Дәліздің жалпы ұзақтығы – 1282 км. Осы жылы жобаның жүзеге асуына 60 млрд теңге бөлінді. 253 км жөндеу жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 51 км аяқтау жоспарланған», - деді А.Беков.
«Орталық-Шығыс» жобасының жүзеге асырылуы 2013 жылы басталды. Оның ұзақтығы 1000 км.
«Аталмыш дәліз Астананы Өскеменмен Павлодар, Семей, Қалбатау арқылы байланыстырады. Жұмыс 509 км бойынша жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 100 км қашықтықта қозғалысты ашу жоспарланған», - деді ол.
Айта кетейік, облыстағы жүзеге асырылып жатқан негізгі автомобиль жобалары: Батыс Еуропа-Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік, Алматы-Өскемен және БАКАД. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 78 млрд теңге қарастырылған. Қаржы көздері – Халықаралық қаржы институттары, Ұлттық қор және республикалық бюджет. Аталған жобалардың аясында 555 шақырым жол қайта салынады.
Жыл соңына дейін 312 шақырым жолдағы жұмыстарды толықтай аяқтау жоспарланған.
ҚР ИДМ-де нақтылағандай, Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасы бойынша Алматы-Қорғас тас жолында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы – 304 шақырым. Қаржы көздері – Дүниежүзілік банк, республикалық бюджет.
«304 шақырымның 8 бөлігінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Биыл цементбетон жамылғысы төселген 150 шақырым жолдың екі бағыттағы қозғалысын да пайдалануға беру жоспарланған. Келесі жылы жолдағы құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтау көзделіп отыр», - дейді ол.
Бұдан өзге, Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша Алматы-Қапшағай бөлігіндегі 104 шақырымда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
«2014 жылы 10 шақырым жол пайдалануға берілді. 2015 жылы жолдың 94 шақырымында, 3 бөлігінде құрылыс жұмыстары жүрді. Жыл соңында 41 шақырым жолды пайдалануға беріп, 53 шақырым жолда көлік қозғалысын ашу көзделіп отыр. Жалпы 2016 жылы жол құрылысын толықтай аяқтау жоспарланған», - деп түсіндірді ведомствода.
Алматы-Өскемен бағыты бойынша, Қапшағай-Талдықорған бөлігінде және Сарқан қ. айналма жолында, жалпы 157 шақырымды құрайтын 6 бөлікте құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.Жыл соңына дейін 100 шақырым жолда құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Алматының үлкен айналма жолы жобасы бойынша осы жылдың 14 қаңтарында концессионер таңдауға байланысты екі сатылы, ашық байқау жарияланған болатын.
Ботагөз Айтжанова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды