- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына анықтауларды мақұлдады
ҚР Үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына анықтауларды мақұлдады
«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке ұсынылған түзетулер туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндады», - делінген хабарламада.
Министр «2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстың Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 11 қазанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларын ескере отырып, макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және осы жылғы 9 айдағы шығыстар бойынша есептерді нақтылау барысындағы түзетулер негізінде қалыптастырылғанын»,- атап өтті.
«Бұл нақтылаудың негізгі міндеті жылдың қортындысы бойынша болжанған қосымша түсімдерді тиімді пайдалану болып табылады»,- деген министр ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы орын алған негізгі өзгертулерге тоқталды.
Оның айтуынша, «ЖІӨ-нің номиналдық көлемі 2013 жылы 34 444,3 млрд теңгені құрайды, ол мамыр айындағы мақұлданған көрсеткіштен 153,3 млрд теңгеге жоғары. Тұтастай алғанда, 2013 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі жоспарланған алты пайыздық деңгейге болжанып отыр. Инфляция бойынша параметрлер бұрын болжанылған жыл аяғындағы 6-8% көлемінде сақталуда».
Е.Досаевтың сөзіне қарағанда, «трансферттерді есептемегенде 2013 жылы республикалық бюджетке кіріс бекітілген жоспардағыдан 20,0 млрд теңгеге артық, яғни 3 608,3 млрд теңге көлемінде бағаланып отыр. Ұлттық қордан алынған кепілді трансферттің көлемі бекітілген 1 380 млрд теңге деңгейде сақталуда. Мұнай бағасы болжамының өсуіне байланысты Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін түсім 407,3 млрд теңгеге артып, жалпы, барлығы 3,4 трлн теңгені құрайды».
Министр айтқандай, «бюджет дефицитін 80 млрд теңгеге қысқарту (870,6 млрд-тан 790,6 млрд теңгеге дейін) немесе ЖІӨ-ге шаққанда 2,3%-ға қысқарту. Республикалық бюджеттің шығысын 6 033,4 млрд теңгеге дейін, немесе 65,6 млрд теңгеге оңтайландыру» ұсынылуда.
«Тұтастай алғанда, шығыстың қысқартылуы 165,8 млрд теңгені құрайды, бұл қаржының бір бөлігі «Жезқазған-Бейнеу» темір жол желісі құрылысына, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жарғылық капиталын кеңейтуге, ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізуге және басқа жобаларға бағытталатын болады»,-деп атап көрсетті Е.Досаев.
Отырыс соңында Премьер-Министр тиісті тапсырмалар берді.
2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын Парламент Мәжілісіне үстіміздегі жылдың 5 қарашасына дейін енгізу жоспарланып отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды