- Басты
- Жаңалықтар
- Беделді ядролық университетті бітірген қазақстандық түлектер Қазатомөнеркәсіпте жұмыс істейтін болады
Беделді ядролық университетті бітірген қазақстандық түлектер Қазатомөнеркәсіпте жұмыс істейтін болады
Асқар Жұмағалиев түлектерді университетті сәтті бітірулерімен құттықтады. Кездесу барысында Қазатомөнеркәсіп басшысы жас мамандармен бірге саланы дамыту мәселелерін талқылап, білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне және олардың болашақтағы жоспарларына қызығушылық танытты.
Асқар Жұмағалиев компанияның даму Стратегиясында кадрлық саясатқа үлкен мән берілгенін атап көрсетті. Қазатомөнеркәсіптің жоғары нәтижелерге қол жеткізуі үшін білікті мамандар қажет.
«Қазір Қазатомөнеркәсіпке керекті тағы бес дипломды маманның қатарымызға қосылғанына қуаныштымын. Сіздер алған білімдеріңізді іс жүзінде қолданып, атом саласының және тұтас еліміздің дамуына үлес қосасыздар деп сенемін. Сіздерге үлкен үміт артамыз, компанияның келешегі сіздердің бәсекеге қабілеттіліктеріңізге байланысты», - деді Асқар Жұмағалиев.
Қазатомөнеркәсіп басшысы айтқандай, компанияға кәсіби мамандарды тарту мақсатында кадрлар қоры құрылды. Сондай-ақ, жақын жылдары қызметкерлер арасындағы техникалық мамандар үлесі артпақ. Кездесу қорытындысы бойынша Асқар Жұмағалиев барлық түлектерді ұлттық атом компаниясы жүйесінде жұмысқа орналастыруды құрылымдық бөлімшелер басшыларына тапсырды.
Қазіргі кезде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қаржысы есебінен Қазақстан мен Ресейдегі колледждер мен университеттерде 318 студент оқып жатыр. Олардың 17-сі МИФИ ҒЗЯУ-де жоғары білім алады. Компания студенттердің шәкіртақысын, оқу ақысын, жатақханадағы орнын және сақтандырғыш полисін төлейді. 2015 жылы Қазатомөнеркәсіп гранты арқылы атом саласы бойынша жетекші университетте тағы 5 студент оқитын болады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды