- Басты
- Жаңалықтар
- «ҰАТ» Еуразиялық кеңістік деректердің инфрақұрылымы туралы меморандумға қол қойды
«ҰАТ» Еуразиялық кеңістік деректердің инфрақұрылымы туралы меморандумға қол қойды
Меморандум Корея Республикасы Ұлттық географиялық ақпарат институты, Корея Республикасы елді мекендерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасының «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қырғыз Республикасының геодезия мен картография мемлекеттік қызметі, Қызғыз Республикасы Мемлекеттік тіркеу қызметі жанындағы кадастр мен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу департаменті, Монғолияның жер қатынастары, геодезия мен картография басқармасы және Өзбекстан Республикасы жер ресурстары, геодезия, картография мен мемлекеттік кадастр жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында жасалды.
Құжатқа БҰҰ Азия-Тынық мұхиты аймағы үшін 20-шы картографиялық конференциясы (UNRCC-AP) мен БҰҰ Азия-Тынық мұхиты аймағы үшін жаһандық геокеңістік ақпаратты басқарудың 4-ші конференциясы (UN-GGIM-AP) аясында өткен Еуразиялық КДИ бойынша бірінші халықаралық конференциясы барысында қол қойылды.
Чеджу аралында 5-10 қазан аралығында өткен іс-шаралардың мақсаты геокеңістік деректерді қолдану саласында байланысты нығайту мен халықаралық тәжірибе алмасу болып табылады. Бұл халық, бизнес, коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы құрылымдар үшін қызметтерді жақсартып, жаңа электрондық қызметтер құрастыруға ықпалын тигізеді.
Конференцияларға 56 елден жер қатынастары мен кадастр қызметінің 300-ге жуық мемлекеттік қызметкері мен мамандары қатысты.
Жасалған меморандум бойынша ықпалдастық GIS, түсірілім, фотограмметрия мен қашықтық тексеру технологияларын дамытуды, геокеңістік ақпараттың саясаты мен Еуразиялық КДИ үшін геокеңістік ақпараттың функционалдылығын құру үшін жауапты тұлғалар арасында тәжірибе алмасуды білдіреді.
Еуразиялық КДИ құруға байланысты бірінші жұмыс сессиясында делегациялар өкілдері өз елдеріндегі КДИ дамуы тақырыбы бойынша баяндамалар жасады. Қазақстан атынан ұлттық геоақпаратттық жүйе (ҰГАЖ) туралы баяндамамен «ҰАТ» АҚ жоба жетекшісі Қуат Сағадиев сөз сөйледі. Ол Қазақстанның мемлекеттік органдарының ақпараттанудың сервистік моделіне көшуі аясында ағымдағы жұмыс пен ҰГАЖ құру бойынша көзделген жоспарлар туралы баяндап берді.
Бұдан басқа іс-шара барысында қазақстандық және корея тараптары арасында жүйелік сәулет, негізгі функциялар мен пайдаланушының интерфейсін жобалаумен ҰГАЖ прототипін бірлесіп құрастыру туралы келісім жасалды. Бұл жұмыс нәтижесінде 2015-2016 жылдар аралығында Open source шешімдері негізінде ҰГАЖ пилоттық жобасын жүзеге асыру жоспарланған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары