- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» аясында 2015 жылдың соңында Жамбыл облысының шекарасы – Шымкент қозғалысы ашылады
«Нұрлы жол» аясында 2015 жылдың соңында Жамбыл облысының шекарасы – Шымкент қозғалысы ашылады
«Негізгі жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» болып есептеледі. Аталмыш жобаның жүзеге асуы 2009 жылы басталды. Жоба жұмыс істегелі бері Ресейден Шымкентке дейінгі 1 900 шақырым жол Ақтөбе, Қызылорда және ОҚО-да ашылды», - деді А.Беков.
Төраға орынбасары атап өткендей, «осы жылы Ташкент-Шымкент, Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы, Алматы – Қорғасы 483 км созылып жатыр».
«Осы жылдың тамызында Тараз қаласының айналасында 65 шақырым жол құрылысы аяқталды.Шымкент - Жамбыл облысы шекарасында 79 шақырымдық жол қозғалысы ашылды», - деді ол.
Айта кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыру жалғастырылуда, «Орталық-Оңтүстік» (Астана – Алматы), «Орталық-Шығыс» (Астана – Өскемен), «Орталық-Шығыс» (Астана – Ақтөбе – Атырау – Ақтау), Алматы–Өскемен, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда және Атырау-Астрахан автожол жобаларын іске асыру жалғасуда.
Бүгінгі күнге жобаларға барлығы 34 мердігер ұйым және 64 қосалқы ұйым тартылды, 27 мың жұмыс орыны ашылды және 5 мыңнан астам жол құрылысы техникасы жұмыс жасауда.
Жобаларды 2009-2014 жылдары іске асыру кезеңінде Ресей Федерациясы шекарасынан Шымкент қаласына дейін Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан арқылы 1 884 км бойында қозғалыс ашылды. Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы, Тараз қаласының айналма жолы және Алматы-Қорғас учаскелерінің 569 шақырымында жұмыс жалғасуда.
Ботагөз Айтжанова
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев