- Басты
- Жаңалықтар
- Жапондық скрипкашы «Астана Операда» «Жібек Жолы» халықаралық фестивалі аясында өнер көрсетеді
Жапондық скрипкашы «Астана Операда» «Жібек Жолы» халықаралық фестивалі аясында өнер көрсетеді
Жапондық мектептің бірегей шығармалары – Койчи Кишидің «Айдаһар биі» мен скрипканың жеке орындауына арналған Кен Айсоның өзінің «Kaze» композициясы елордалық тыңдарман назарына ұсынылады. Сонымен қатар кеште өнер сүйер қауымға еуропалық классиктердің туындылары – Сезар Франктың Ля мажор сонатасы, Фриц Крейслердің Кіріспесі мен Аллегросы, И.С. Бахтың №1 соль минор сонатасы орындалады. Сондай-ақ асқан шебер музыкант қазақтың аса көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтің «Поэма» деп аталатын камералық-аспаптық шығармасын ойнайды.
Композитор Койчи Киши 1920 жылдары Еуропаға барып, музыканың батысқа тән бағытын меңгеруге бет алған алғашқы жапондық музыканттардың бірі болғанын еске сала кетейік. Оның жеке туындылары өзі басқарған Берлиннің филармониялық оркестрімен орындалған. «Айдаһар биі» – бұл бір мезгілде екпінді әрі сарынды композиция. Ол ескі Жапонияның атмосферасын жеткізеді.
Кен Айсо – классикалық һәм барокколық скрипканы асқан шеберлікпен игерген әйгілі жапондық скрипкашы және альтист. Оның жеке концерттері Елизавета Королева, Лондондағы Вигмор-холл, Париждегі «Плейель» залы, Токиолық опера, Миландағы Верди залы, Карло Феличе театры, Амстердамдағы Концертгебау, Санкт-Петерборлық филармония және басқа көптеген беделді сахналарда орасан зор табыспен өткен.
Аспапшы «Астана Опера» ғимаратының айбындылығынан және оның сахнасында өтетін қызықты концерттік бағдарламаларынан ерекше әсер алғанын атап өтті. «Мен бұған дейін Қазақстанда 2009 жылы болғанмын, бұл өте қуанышты сапар еді. Бұл жолғы гастрольден жаңа әсерлер күтемін. Кеште жапондық музыкамен қатар қазақтың әуені де орындалады», - дейді ойымен бөліскен Кен Айсо.
Скрипканың жеке орындауына арналған бірегей «Kaze» композициясы жайлы шамалы айтып берсеңіз деген өтінішке орай автордың айтқаны: «Бұл Жапония мен Қазақстанның дәстүрлі әндерінің сарыны негізінде туған менің қиялым. «Kaze» жапон тілінде «жел» дегенді білдіреді. Бұған дейінгі сапарымда Астананың қатты желі есімде қалыпты, осы орайда ауаның элементі байланыстырған қос мемлекет жайлы туынды шығарғым келді. Мен қазақстандық көрерменмен кездесетін күнді тағатсыздана күтемін, олар да менімен бірге музыканың рахатына бөленсе деймін».
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді