- Басты
- Жаңалықтар
- А.Айымбетов Елбасына ғарышта болған мемлекеттік туды табыстады (ФОТО)
А.Айымбетов Елбасына ғарышта болған мемлекеттік туды табыстады (ФОТО)
«Аса мәртебелі Елбасы! Мен сіздің тапсырмаңызбен ғарышқа сапар шегіп, оралдым. Маған және еліміздің ғарыш саласына жасаған зор қамқорлығыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Еліме адал қызмет етемін», - деді марапаттау рәсімінде А.Айымбетов.
А.Айымбетов атап өткендей, 1998 жылдан бастап 17 жыл бойы Елбасының тапсырмасы бойынша ғарышқа ұшуға дайындалған.
«Мен үшін Қазақстанды халықаралық экипажда таныстыру өте үлкен мәртебе. Сіздің қамқорлығыңыздың нәтижесінде елде ғарыш саласы қалыптасты. Сіз қазақстандық ғарышкерлер үшін ғарышқа жол аштыңыз. Тәуелсіздің жылдары құрылған әлеует қазақстандық ғарыштың дамуына үлкен үлес қосты. Болашақта ғарыш саласына үлес қосуға жұмыс істеймін», - деді А.Айымбетов.
Сонымен қатар ғарышкер Елбасына ғарышқа жасаған сапары барысы туралы баяндап, Халықаралық ғарыш стансасына өзімен бірге алып барған еліміздің Мемлекеттік туын табыс етті.
«Біздің ұшуларымыз кезінде Халықаралық ғарыш стансасының бортында Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік туы да болды. Ол біздің Жер шарымызды 150-ден астам рет айналып ұшты. Бүгін осы туды мемлекетіміздің негізін қалаушы әрі көшбасшысы Сізге табыс етуге рұқсат етіңіз», - деді Айымбетов.
Индира Кауметова
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай