• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: А.Айымбетовтың сапары инновациялық ғарыш саласы дамуының жаңа кезеңі

Н. Назарбаев: А.Айымбетовтың сапары инновациялық ғарыш саласы дамуының жаңа кезеңі

14 Қазан, 2015 14:13
А.Айымбетовтың сапары - Қазақстан ұлттық экономикасы инновациялық ғарыш саласының даму кезеңінің басы, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты марапаттау рәсімінде.

«А.Айымбетовтың сапары - Қазақстан ұлттық экономикасы инновациялық ғарыш саласының даму кезеңінің басы.  Бұл салада ахуалымыз жоғары. Біріншіден, біз Астанада сынақ аппараттарын зерттеу кешенін құрудамыз, бұл ТМД елдерінде ұқсастығы жоқ, жоғарытехнологиялы кәсіпорын болып есептеледі. Екіншіден, 2014 жылы біз жоғары ғарыштық навигация жүйесінің инфрақұрылымдық жер жүйесін құрдық», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев атап өткендей, үшіншіден Қазақстанда ғылыми-технологиялық қолданудың ғарыштық жүйесін жобалау жүргізілді. «Төртіншіден, ғарыш саласы бойынша кадрларды дайындау мен қызметкерлердің біліктілігін арттыу қарастырылған. Ол Қазақстанның ғарыштық саласы бойынша ЖОО мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуды қарастырылады», - деді Елбасы.

Бесіншіден, Елбасы атап өткендей, 4 жыл ішінде «Қазғарыштың» ғылыми ұйымдары 37 ғылыми-зерттеу жүргізіп, 5 патентті ұтып алды.

Қорытындысында Н.Назарбаев А.Айымбетовты мемлекеттік награда алуымен құттықтады.

«Болашағымыз әр уақытта да ғарыштың биігіндей болсын! Біздің көк байрағымыз сонау ғарышқа барып, Жерді  айналып келгені бізді желеп-жебеп, қолдап жүрсін! Бүкіл ғаламның күші, ғаламның қасиеті Қазақстанда болсын! Құттықтаймын!», - деді. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар