• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Башмаков: «Мәңгілік ел» идеясы – қазақстандық қоғамды біріктіруге арналған идеология (ВИДЕО)

А.Башмаков: «Мәңгілік ел» идеясы – қазақстандық қоғамды біріктіруге арналған идеология (ВИДЕО)

14 Қазан, 2015 18:26
«Мәңгілік ел» идеясы – қазақстандық қоғамды біріктіруге арналған идеология, деп хабарлады Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, ҚХА мүшесі Анатолий Башмаков «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Жалпы қазақстандық патриоттар форумын өткізу – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы  жылының жалғасы. Менің есептеуімше, бұл қазақстандық қоғамның қоғамдық және саяси өмірі үшін өте маңызды. Меніңше,бұл басты маңызды міндеттердің бірі», - деді ол.

Сонымен қатар, ҚХА мүшесі атап өткендей, «Мәңгілік ел» идеясы – қазақстандық қоғамды біріктіруге арналған идеология.

«Бүгінде көптеген ғалымдар, оның ішінде танымал ғалымдар өздерінің кәсібилігіне, корпоративті тобына қарамастан ортақ бір пікірге келді – әлемді идеялогия емес, ұлттық бірлік, азаматтық және ұлттық біртұтастылық алға ілгерілітеді», - деп атап өтті А.Башмаков.

ҚХА кафедрасының меңгерушісі атап өткендей, Патриоттар форумын өткізу – қазақстандық патриотизмнің ірге тасын қалауда кішкентай қадам болып табылады.

«Менің ойымша бұл кездесуге шын мәнінде лайықты азаматтар шақырылды. Себебі әлемдегі ахуал халыаралық этносаясатта жағдай мәз емес екенін көрсетіп отыр. Осындай жағдайда қазақстандық қоғамның бірлігін сақтап қалудағы біздің үлгіміздің, Назарбаев үлгісінің байлығы көрінуде», - деп түйді А.Башмаков.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар