• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті А. Айымбетовты ең жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады (ФОТО)

ҚР Президенті А. Айымбетовты ең жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады (ФОТО)

14 Қазан, 2015 13:42
Айдын Айымбетовқа ең жоғары мемлекеттік наградалар берілді, ол оның халқы үшін жасаған батырлық әрекетін білдіреді, деп мәлімдеді Елбасы салтанатты марапаттау рәсімінде. Мемлекеттік наградаларға «Халық қаһарманы» атағы, «Отан» ордені мен "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы енді.

«Біз бүгін халқымыздың батыр ұлы, Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын  Айымбетовті марапаттауға жиналдық. Бір ай бұрын ол Қазақстанның ғарыштық бағдарламасы аясында Халықаралық ғарыш стансасында 10 күндік сапарға барып қайтты. Осы күндердегі 17 млн. Қазақстан халқының барлығы бұл шараға қарап, Айдынға  тілектес болып отырды. Ел тілегі қабыл болып, ол алыс сапардан абыроймен оралды», - деді Мемлекет басшысы.  

Н. Назарбаевтың айтуынша, бұл сапар еліміздің биік мәртебесі мен ең асқақ белестердің өзін бағындыра алатын мақсаткерлігін көрсетті.

«Бүгін мен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын  беру және «Отан» ордені мен тиісті Алтын Жұлдыз медалімен марапаттауды және "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы берілгендігі туралы куәлікті табыс етуді ұйғардым. Бұл біздің еліміздің ең жоғарғы мемлекеттік наградалары», - деп мәлімдеді Елбасы.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар