Н.Назарбаевты Латвия Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырды

14 Қазан, 2015 13:26
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 5 шетелдік мемлекеттің сенім грамоталарын табыстау рәсімінде Латвияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрис Погребнякс Елбасы Н.Назарбаевты Латвияға мемлекеттік сапармен келуге шақырған Латвия Президентінің үндеуін оқып берді.

«Біздің елдер арасында жақсы саяси диалог қалыптасқан, оны сөзсіз жалғастыру қажет. ҚР Президенті Н.Назарбаевқа Латвия Президенті Раймондс Вейонистің Латвияға шақыртуы оқылды», - деді Ю.Погребнякс.

Елші атап өткендей, Қазақстан мен Латвия арасында достық қарым-қатынасы орныққан.

«Қазақстан Латвияның Орта Азиядағы ірі сауда-экономикалық серіктесі болып есептеледі. Біз одан әрі көлік, фармацевтика, ақпараттық технология және азық-түлік, жоғарғы білім беру, құрылыс саласында ынтымақтастықты дамытамыз. Латвия Қазақстанмен ынтымақтастықты өте жоғары бағалайды», - деді елші.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар