- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Украина авиациялық салада ынтымақтастық ету туралы келісімге қол қойды
Қазақстан және Украина авиациялық салада ынтымақтастық ету туралы келісімге қол қойды
Аталған келісім екі елдің қорғаныс өнеркәсібінің кешендері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Авиациялық саладағы қазақстандық-украиналық ынтымақтастық бірнеше бағытты қамтиды. Оның ішінде Астанадағы авиациялық-техникалық орталығының базасында «Антонов» ұшақтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, «Мотор Сич» АҚ өндірген авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бойынша өңірлік орталықтың сервистік орталығын ұйымдастыру жоспарлануда.
Келісім аясында ремоторизациялау (қозғалтқыштарды модификацияланған жақсартылған моторға ауыстыру) және Ан-2 ұшақтарын Ан-2-100-ге жаңғырту, сонымен қатар, жаңартылатын ұшақтарға орнату үшін МС-14 турбобұрандамалы қозғалтқыштарды өнеркәсіптік құрастыру жоспарланған.
Одан басқа, «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС өндірістік кооперациясы «Антонов» ұшақтарына толымдаушыларды өндіру бойынша ұшақ құрастыру және «Мотор Сич» АҚ-тың авиациялық қозғалтқыштарына толымдаушыларды өндіру бойынша авиациялық қозғалтқыш құрастыру. Сонымен бірге, әскери және азаматтық мақсаттағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп әзірлеу мен өндіруді, авиациялық тренажерлық кешендерді жеткізу, жөндеу, техникалық қызмет көрсетуді бастау жоспарлануда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру