- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің 400 әскери қызметкері үшін ауқымды емтихан ұйымдастырылды
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің 400 әскери қызметкері үшін ауқымды емтихан ұйымдастырылды
Мотоатқыштар, танкішілер, десантшылар, теңіз жаяу әскерлері, артиллерияшылар, гранатаатқыштар, байланысшылар, инженерлер, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің жауынгерлері өз взводының, бригадасының, өңірлік қолбасшылығының жеңісіне үлестерін қосуға көмектесетін ең жақсы қасиеттерін паш ететін болады.
Сайысқа қатысу үшін барлық өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінен «Мәтібұлаққа» минаатқыш батареялары, мотоатқыш, танкті және десанттық-шабуылдау взводтары, ӘШҚҚ батареялары, байланысшылар мен инженерлердің бөлімшелері жиналды. Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілеріне 6 күн ішінде ЖӘЖМ мен танктердің штаттық қару-жарағының барлық түрінен оқ атуда өздерінің қабілеттерін, ал взвод командирлеріне шынайы жауынгерлікке және жылдам ауысып тұратын жағдайға барынша жақындатылған жағдайларда бөлімшенің атысын басқарудағы дағдыларын көрсету қажет.
Қатысушылардың құрамы туралы бөлім командирлері сынақ басталатын күннен бірнеше күн бұрын ғана білді. Сондықтан бөлімшелердің штаттық құрамын ауыстыруға мүмкіндік болған жоқ, оның үстіне бөлімшелердің алдын ала тізімі ұйымдастырушыларда күні бұрын болды. Осылайша, бұл жарыс өңірлік қолбасшылықтардағы, әскер тектері мен әскери бөлімдердегі жауынгерлік даярлық жай-күйінің анық сипаттамасын көрсетеді. Бүгінгі күні Құрлық әскерлердегі жауынгерлік даярлық бойынша негізгі күш-жігер барлық мамандықтағы әскери қызметшілердің кәсібилігін арттыруға бағытталған.
Бұл сайыс іс жүзінде бірлестіктердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің қайсысы өткен жыл бойынша ең жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетеді. Дене даярлығы бойынша әскери нормативтерді тапсыруға ерекше назар аударылады. Әскери қызметшілер қысқа тыныс алып белтемірде жаттығулардың барлық кешенін барынша көп рет орындауға, 24 келілік 2 гір тасын итеруге, сондай-ақ жалпыәскери ұрыстың негізгі өлшемдерін көрсететін АТА (атлетизм – табандылық – алғырлық) кедергілер жолағын бұзып өтуі тиіс. Күштік жаттығулардан кейін взводтар қысқа уақыт аралығында (27 мин.), взводтың 50 метрден аса «шұбалтпауын» болдырмай және мәреге толық құрамда ғана келу қажеттілігі талаптары қойыла отырып, бөлімше құрамында қарумен толық жарақтандыруда 5 шақырымға жүгіреді.
Экспресс-тестті өткізу қорытындысы бойынша Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Әмір Халиковтің төрағалық етуімен комиссия бүгінгі таңда қай құрама, қандай әскери бөлім әскери ғылымды анағұрлым ойдағыдай меңгеріп жатқанын айқындайды. Одан басқа, ерекшеленген бөлімшелер мен жауынгерлер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысынан грамтолар, сыйлықтар мен жүлделер алатын болады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет