Республикалық бюджет тапшылығы 2013 жылы 80 млрд теңгеге қысқартылады - ЭБЖМ

31 Қазан, 2013 11:31
2013 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 80 млрд теңгеге немесе 0,2 % төмендетілетін болады, деп хабарлады ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

«790,6 млрд теңгені құрайтын республикалық бюджеттің тапшылығы 80 млрд теңгеге немесе 0,2 % төмендетілетін болады», - деді Е.Досаев.

Айта кетейік, 11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев экономикалық конъюктураның әлсірегеніне байланысты Үкіметке бюджеттік саясатты тексеру тапсырмасы жүктеген болатын.  

Сонымен қатар, ол үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша жүктемені төмендету мақсатында бюджет тапшылығын 870,6 млрд теңгеден 790,6 млрд теңгеге дейін қысқарту ұсынылғанын атап өтті.

«Түсімдер бойынша нақтыланған болжам мен тапшылықтың азайтылуын ескере отырып, республикалық бюджет шығыстарын 6 033,4 млрд теңгеге дейін немесе 65,6 млрд теңгеге оңтайландыру ұсынылады», - деп мәлімдеді Е.Досаев.

Сонымен, ведомствоның мәліметі бойынша, жалпы шығыстарды азайту 165,8 млрд теңгені құрайтын болады, оның ішінде, мемлекеттің міндеттемелерін орындауға байланысты қалыптасқан үнемдеу есебінен 30,2 млрд теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде қалыптасқан үнемдеуден 19 млрд теңге және күтілетін толық игерілмеу 116,6 млрд теңге.

 

«Әкімшілерге игерілмеу нәтижесінде азайтылатын шығыстардың 2014 жылы қалпына келтірілмейтінін түсіну қажет. Барынша жұмыла жұмыс істеу және көзделген қаражат шегінде қойылған міндеттерді шешу қажет», - деп қортындылады ЭБЖМ басшысы.

 

 

 

Барлық жаңалықтар