• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Германия отандық кәсіби-техникалық білімді дамыту бойынша белсенді ынтымақтастық орнатуда

Қазақстан мен Германия отандық кәсіби-техникалық білімді дамыту бойынша белсенді ынтымақтастық орнатуда

14 Қазан, 2015 14:47
ГФР-дағы ҚР Елшілігінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов бастаған қазақстандық делегациясы мен Трир қолөнерші палатасының басшылығымен (Рейнланд-Пфальц жері) кездесу өтті. Қазақстандық делегацияның құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кірді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Күн тәртібінің негізгі тақырыбы Қазақстанда неміс үлгісі бойынша дуалдық білім беру жүйесін енгізуге бағытталған «Назарбаев-Меркель» бастамасының іс-жүзінде жүзеге асыру мәселесі болды. Тараптар өзара қызығушылықтар білдірді және аталған бастама бойынша жүзеге асырылатын нақты жобалар анықталды.

Қазақстан Елшісі Болат Нүсіпов қонақтарды қарсы алып, неміс тарапын «100 нақты қадам» ұлт жоспарының, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі ережелерімен таныстырып, Елбасының 2012 ж. Берлинге жасаған сапары барысында Қазақстанда неміс дуалдық білім беру жүйесін енгізу бойынша уағдаластықтардың жемісті жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Трир Қолөнерші палатасының басшысы Карл Криц «Атамекен» ҰСП және Трир Қолөнерші палатасы арасында серіктес жобасының жүзеге асырылу үдерісі туралы баяндап берді. Жобаның мақсаты Германияда тағылымдамаларды ұйымдастыру және техникалық оқу орындары мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру болып табылады. Аталған жобаға Астана, Алматы қаларындағы және Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Казақстан, Қызылорда облыстарындағы колледждердің 7 талап етілген техникалық мамандықтар бойынша оқу бағдарламалар енгізілді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар