• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаевқа бес мемлекеттің елшілері сенім грамоталарын тапсырды (ФОТО)

Н.Назарбаевқа бес мемлекеттің елшілері сенім грамоталарын тапсырды (ФОТО)

14 Қазан, 2015 11:58
Бүгін Ақордада бірқатар шет мемлекеттер елшілерінің Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсыру рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентіне сенім грамоталарын: ҚР-дағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чо Енг Чон, ҚР-дағы Иордан Хашимит Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Ахмед Идрис Инаб, ҚР-дағы Палестин Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Монтасер Абу Зейд,  ҚР-дағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Юрис Погребнякс,  ҚР-дағы Испания Корольдігінің  Төтенше және Өкілетті елшісі Педро Хосе Санс Серрано тапсырды.

Өз кезегінде, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы елші қызметіне тағайындалғандарды құттықтады.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар