- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Италия және Испания Елшілерімен кездесулер өткізді
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Италия және Испания Елшілерімен кездесулер өткізді
Кездесу барысында Ахметжан Есімов Қазақстанның Миландағы ЭКСПО-2015 ұйымдастырушыларымен тығыз ынтымақтастығын сөз етті және италиялық көрменің соңғы онжылдықтағы ең сәтті өткен көрме ретіндегі тәжірибесінің маңызын баса атап өтті.
«Мен ЭКСПО-Милан басшысы Джузеппе Саламен кездескен кезде біз екі көрменің ынтымақтастығы туралы айттық. Біз өзімізге миландық ЭКСПО тәжірибесінен көптеген қажетті сәттерді алдық. Қазір біз жақын арада Италияның ЭКСПО-2017-ге қатысатынын және комиссар тағайындағанын растайтынын күтудеміз», - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.
Бұған қоса, Ахметжан Есімов Испанияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және уәкілетті Елшісі Хосе Педро Санс Серраномен де кездесу өткізді.
Кездесуде Испанияның ЭКСПО-2017-ге қатысу мәселелері талқыланды. Ахметжан Есімов қатысушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын атап өтті.
Өз кезегінде Елші Испанияның Көрмеге қатысуы керек екенін, және растау туралы кешігіп жатуы алда тұрған Парламент сайлауымен байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеді, аталған сайлаудан кейін жаңа үкімет тағайындалатын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция