Астанада ШОБ субъектілерінің саны жыл басынан бері 9,4 пайызға көбейді

14 Қазан, 2015 12:18
Астананың ШОБ субъектілерінің саны жыл басынан бері 9,4 пайызға көтерілді, деп хабарлады Астана қалалық статистика департаменті.

2015 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша нарықта жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,4%-ға артты және 98736 бірлікті құрады, соның ішінде 25397 заңды тұлға, 73332 дара кәсіпкер және 7 шаруа қожалығы.

2015 жылғы 1 қазанда шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 28%-ға артып, 285388 адамды құрады.

 2015 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнімдер өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ға азайды және 1275762 млн. теңгені құрады.

Барлық жаңалықтар