• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс Қазақстан мен Бенилюкс арасындағы арасындағы реадмиссия туралы келісімді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан мен Бенилюкс арасындағы арасындағы реадмиссия туралы келісімді мақұлдады

14 Қазан, 2015 11:16
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Келісім мен хаттаманың мақсаты тараптар аумағында заңсыз болатын адамдарды қабылдауды және шығарып жіберуге жататын адамдардың транзитін жалпыға бірдей қабылданған халықаралық құқық нормаларына сәйкес оңайлату болып табылады», - деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Бұл ретте сұрау салатын Тарап сұрау салушы тараптың аумағына кіру, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан кез келген адамды өтінішхаттар бойынша өз аумағына қабылдайтын болады.

Айта кетейік, Мәжіліс сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлдады.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар