• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР құқық қорғау органдары арнайы техникалармен жеңілдетілген тәртіпте қамтылады

ҚР құқық қорғау органдары арнайы техникалармен жеңілдетілген тәртіпте қамтылады

14 Қазан, 2015 10:57
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлдады.

Келісім Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес, арнайы техника мен арнайы құралдарға қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік органдар арасында жасалатын шарттар негізінде арнайы техникалар мен құралдарды жеңілдетілген шарттар арқылы жеткізуді қарастырады. Сонымен қатар, хаттамада төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құралдарды жеңілдікпен жеткізу тетігін құруға бағытталған түзетулер енгізілген.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданатын болады. 

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар