- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана» өңірлік қолбасшылығындағы тактикалық оқу-жаттығу ойдағыдай аяқталды (ФОТО)
«Астана» өңірлік қолбасшылығындағы тактикалық оқу-жаттығу ойдағыдай аяқталды (ФОТО)
Бұл оқу-жаттығудың мақсаты қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау, шартты қарсыластың шабуылы кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтау, әскери қызметшілердің үйлесуін жетілдіру болып табылды.
Аталған тактикалық оқу-жаттығудың ерекшелігі артиллерия мен жаяу әскердің жауынгерлік машиналарының бірлескен өзара іс-қимылы болып табылады. «Оқу-жаттығуға 100-ден астам жеке құрам, 20 жауынгерлік машина қатысты, оның ішінде 4 артиллериялық зеңбірек», - деді «Астана» ӨңҚ жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы полковник Юрий Асқаров. Бөлімшелердің үйлесімі кезеңін пысықтау үшін шартты қарсыластың іс-қимылдарын елестете отырып, жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдай жасалды.
Оқу-жаттығу барысында 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жауынгерлік ресурстарды және шартты қарсыластың орналасуын айқындау үшін жергілікті жерді зерделеді. Содан кейін осы бөлімнің арнайы бөлімшесі операцияны өткізу ауданына негізгі күштерді ауыстыру үшін марш жасады. Аталған тактикалық оқу-жаттығу әскери қызметшілердің далалық машығын нығайтуға, жауынгерлік әзірлікті шыңдауға, жеке құрамның нақты өзара іс-әрекетін ұштауға мүмкіндік береді.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Ө.Шөкеев: Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)