Ұлттық музейде Қазақ хандығының зергерлік бұйымдары таныстырылды (ФОТО)

13 Қазан, 2015 18:46
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Зергерлік өнер» атты көрменің ашылуы өтті.

«Зергерлік өнер» көрмесіне «Әдемі-ай» өнер музейінің топтамаларынан сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылады. «Әдемі-ай» өнер музейінің негізін 2011 жылы танымал коллекция жинаушы, өнертанушы Бахаргүл Төлеген қалады.

«Бүгінгі таңда музей экспозициясының қоры мыңнан астам экспонаттардан тұрады. Олардың арасынан ж.с.д. І-ІІІ ғасырларға жататын Құшан патшалығына тән археологиялық жәдігерлерді және VI-ХII ғасырлардың тарихи бағалы туындыларын көруге болады. Көрмеге 13 жылдан бері тарихи-мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді жандандырумен айналысып келе жатқан «Әдемі-ай» компаниясының Қазақ хандығының 550 жылдығына  арнайы дайындаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары да қойылады», - деді Ұлттық музей директорының бірінші орынбасары Жазира Күлбаева.

Барлық әшекейлер қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты және тамыры мыңдаған жылдарға бойлайтын ұлттық мәдениеттің дамуын көрсетеді.

Анар Тәңірқұлова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар