- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 2016 жылға қарай ет экспортын 4 мың тоннаға дейін көтеру жоспарлануда
ШҚО-да 2016 жылға қарай ет экспортын 4 мың тоннаға дейін көтеру жоспарлануда
31 Қазан, 2013 11:28
Экспорттық әлеуетті жетілдіру мақсатында облыста етті ірі қара шаруашылығын дамыту бойынша мақсатты жұмыстар қолға алынуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
2011-2013 жылдар аралығында облыста 5760 бас етті ірі қара малдың 7 тұқымдық репродукторы құрылды.
«Атқарылып жатқан шаралар 2016 жылға қарай ет экспортын 4 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Биылғы жылдың өзінде облыс 100 тонна ет өнімдерін сыртқа тасымалдады. Соның ішінде шұжықтар, ет пен ет өнімдері де бар», - деллінген хабарламада.
20147 жылы ет пен ет өнімдері экспорты 1 мың тоннадан асады деп күтілуде.
Сонымен қатар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 18,1 мың бас ірі қара мен тұқымды бұқа сатып алынып, шет елдік селекциялардан 1580 бас етті ірі қара малы алынды.
Малды бағу үшін 2011 жылдан бері облыста 64 қора салынды. Ондағы мал сиымдылығы 11,4 мың бас. Бүгінде жалпы өңірде 33,5 мың бас ірі қара мен оларға арналған 267 қора бар.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері