• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Бақыршық кен орнында 2016 жылдан бастап жергілікті мамандар жұмыс істейді

ИИДМБ: Бақыршық кен орнында 2016 жылдан бастап жергілікті мамандар жұмыс істейді

14 Қазан, 2015 09:31
Облыс әкімі «Бақыршық тау-кен қазушы өнеркәсіп» ЖШС бас директорының орынбасарымен кездесу өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кездесу кезінде Кеңбейіл Исаев аймақ басшысын Жарма ауданының Бақыршық кен орнындағы «Қызыл» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпараттандырды.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Жарма ауданының Қалбатау ауылына жұмыс сапарымен барған кезде «Бақыршық тау-кен қазушы өнеркәсіп» ЖШС бас директорының орынбасарымен кездесу өткізген болатын. Ол Жарма ауданының Бақыршық кен орнындағы «Қызыл» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпараттандырды.

Жылдамдатылған индустриалды-инновациялық даму республикалық Картасына енгізілген жобаны іске асыру шеңберінде, өнімділігі жылына 1,8 млн. тонна болатын, алдағы уақытта алтынның құрамы жоғары кенді өндіру үшін, жер асты кен ошағын қайта жөндеуден өткізу, кенді өңдейтін жаңа қондырғының құрылысы және тиісті инфрақұрылымды құру қарастырылған.  

Даниал Ахметов жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше назар аударды. Өз кезегінде Кеңбейіл Исаев 2016 жылдың қаңтар айынан бастап, кен орнында жұмысқа қабылдау жоспарланғанын, соның ішінде жергілікті мамандарды тиісті қайта даярлау арқылы таңдап алу жоспарланғанын жеткізді. Сондай-ақ, компания әлеуметтік жауапкершілік саясатын жүзеге асыруды жалғастыруда.

«Бақыршық тау-кен қазушы өнеркәсіп» ЖШС Жарма ауданы Әуезов ауылының қала құраушы кәсіпорны болып табылады. 2014 жылдың қыркүйек айында асыл және түрлі-түсті металл өндірумен аналысатын, Ресейдің «Полиметалл» тау-кен ірі компанияларының бірі  аталмыш кәсіпорынның жекеменшігіне өткен болатын. «Қызыл» жобасын жүзеге асыру компанияның 2014-2018 жылдарға арналған дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар