- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
ҚР Президенті Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Отырыста Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ әлемде қалыптасқан геосаяси ахуал талқыланды.
Алғашқы мәселе бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев сөз сөйледі. Талқылауға Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты.
Мемлекет басшысы интеграциялық бірлестіктің әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік бермей отырған әлемдік нарықтағы қолайсыз конъюнктура мен өзге де сыртқы жағдайларға қарамастан, ЕАЭО-ның болашағы жарқын екенін айтты.
Мемлекетаралық кооперацияны жолға қойып, экспортты ұлғайту үшін Қазақстан бизнесінің алдынан зор мүмкіндіктер ашылып отыр.
Сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуына және жалпы ЕАЭО-ның қызметіне теріс ықпалдар әсерін мейлінше азайту жөнінде шаралар қабылдау қажет.
«ЕАЭО – тек экономикалық бірлестік, ол экономика және сыртқы сауда аясында дамуға тиіс» деген Қазақстанның нақты ұстанымы атап өтілді.
Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қорғау мен қолдау, олардың тауарлары мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін ЕАЭО-ға мүше елдермен қатар өңірлік ауқымда да арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге айрықша назар аударды.
Талқылау барысында ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің кәсіпкерлері үшін тең және әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық елдің санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау шараларын сақтау қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар Қауіпсіздік кеңесінің отырысында күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуал талқыланды.
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер мен тәуекелдердің алдын алу шараларын дер кезінде дайындау мақсатымен әлемде және өңірде болып жатқан үдерістерді жіті бақылау қажеттігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Үкіметке бірқатар тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеңесінің аппаратына жүктеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі