• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті

ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті

13 Қазан, 2015 16:38
Ұсынылған өзгерістер тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігіне бағытталған, деді Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов ҚР Парламент Мәжілісінде өткен тұтынушылар құқығын қорғауға арналған заңнамалық актілерді таныстыру барысында.

«Қоғамдық тұтынушылар құқығының рөлін арттыру үшін: мемлекеттік органдарға тауар шығару мен тауарды сатқан  тұлғаларға қатысты шаралар қолдануды енгізу. Қоғамдық ұйымдар құрамына кірмейтін тұтынушылардың құқығы бұзылған жағдайда қызығушылық таныту», - деді вице-министр.

Т.Жақсылықов атап өткендей, өзгертулерді енгізу тұтынушылардың құқығын институционалды түрде күшейту болып табылады.

«Кәсіпкерлер мен тұтынушылар қызығушылығының, азаматтардың тұтынушылық құқығын қорғауды тиімді ете түсу, тұтынушылардың құқықтық деңгейін көтеру   теңгерімін орнату үшін өзгертілер енгізілді», - деді вице-министр.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар