• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бакуде Транскаспий халықаралық көлік бағдары тиімділігін көтеру талқылануда

Бакуде Транскаспий халықаралық көлік бағдары тиімділігін көтеру талқылануда

13 Қазан, 2015 20:21
Бакуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту жөніндегі Үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.

Кеңес отырысына Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия темір жол әкімшіліктері жетекшілері мен Ақтау халықаралық теңіз порты, Баку халықаралық теңіз сауда порты, Каспий теңізі кеме кәсіпорны жетекшілері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде:

Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Грузия-Түркия бағдарындағы  «Nomad Express» контейнерлік пойызын өткізудегі темір жол теңіз көлігі тікелей халықаралық темір жол паром бағдарындағы қатысушыларды көлік компанияларының өзара ықпалдасу тұрғысындағы технологиялық жұмысын бекіту жайы қаралды;ТХКБ «Nomad Express» бағдарындағы контейнерлік пойызды ұйымдастырудағы кешендік мөлшерлемелерді қолдану туралы;ТХКБ бағдарындағы қатысушылардың Консорциумын құру жайы;ҚХР-дан Еуропа елдеріне дейін Роуд-шоу ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Үйлестіру комитеті отырысының қорытындысы бойынша тараптар контейнерлік пойыздарды өткізу көліктік компанияларының арасында өзара технология алмасу туралы уағдаластыққа  қол қойды.

Бұл маңызды құжат бойынша транзиттік контейнерлік пойыздардың жүру мерзімі барынша қысқарады. Бағдарламаға қатысушы өзара көлік дәліздері мен кеден органдары алдын ала ақпарат алмасады. Сонымен қатар, тасымалдау құжаттары тәртібі бекітіледі. Отырыста контейнерлік пойыздарды барлық бағдарларда тәулігіне 1100 шақырым жылдамдықпен өткізу жайы қарастырылды.

Сондай-ақ, Үйлестіру комитетінің қатысушылары контейнерлік пойызын ұйымдастыруда Транскаспий халықаралық көліктік бағдары тарифтік  мөлшерлемені  қолдануға келісті.

Комитет «Nomad Express» контейнерлік пойызын ұйымдастыруда арнайы тарифтік мөлшерлеме енгізуге ТХКБ бағдарына қатысушылардың Консорциумын құруға келісті. Консорциумның мақсаты тапсырыс иелеріне логистикалық қызмет көрсету сапасын көтеру, жаңа жүк жөнелтушілерді табу, жүк ағымдарын ұйымдастыру бойынша аймақтардан серіктестер тарту, олармен байланыс орнату, Қытайдан Еуропа елдері арасындағы Роуд-шоу бағдарламасын ұйымдастыруға бағытталған.

Үйлестіру комитетінің негізгі мақсаты - Транскаспий халықаралық көліктік бағдарын дамыту, жүк тасымалына орнатылған тарифтік шарттар мәселесінде келісілген саясатты жүргізу, көлік байланыстарының тиімділігін арттыру, ықпалдасқан логистикалық жүйе  құру болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар