- Басты
- «Нұрлы жол»: Ақмола облысында 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
«Нұрлы жол»: Ақмола облысында 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бұл жобалардың алтауы — Тұрғынүйқұрылысжинақбанк бағыты бойынша арендалық тұрғын үйлердiң құрылысын салу бағытында болса, төртеуi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым, ал 1 жоба — мектепке дейiнгi бiлiм беру нысанын салу бойынша.
Ақмола облыстық құрылыс басқармасының басшысы Амангелдi Смаиловтың айтуынша, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бүгiнде Көкшетауда 150 пәтерлiк «Жансая» ТК 5 үй салынуда. Бұл арендалық тұрғын үйлер 2015-2016 жылдары пайдалануға берiлетiн болады.
Бурабай ауданының Щучье қаласындағы тағы бiр 75 пәтерлi көп қабатты тұрғын үйдiң құрылысы да аяқталуға жақын.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда. Бұл Көкшетау қаласындағы «Жансая» тұрғын-үй кешенi ауданындағы бес 30 пәтерлi үйдiң сыртқы инженерлiк желiлерi құрылысы мен оларды абаттандыру жобалары (Олардың жүзеге асырылу мерзiмi — 2014-2015 ж., сметалық құны — 304,7 млн. теңге).
Бүгiнгi күнi бұл жерде сумен, жылумен жабдықтау, кәрiз жүйесiн жүргiзу сияқты жұмыстар аяқталған, көрiктендiру бойынша, трансформаторлық подстанцияны монтаждау, газголдерлiк қондырғыны орнату бойынша жұмыстар жалғасуда. Инженерлiк желiлердiң жалпы ұзындығы 8,34 км, абаттандырылатын аумақ 10 783 м2. Жұмыстарды аяқтау 2015 жылдың 4-тоқсанында деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының Васильковский шағын ауданының терiскей бетiндегi 3 тоғыз қабатты тұрғын үйге арналған iшкi орам желiсiнiң құрылысы және абаттандырылуы. Желiнiң жалпы ұзындығы 2,79 км, абаттандырылу аумағы 8 812 м2.
Көкшетау қаласының Васильковский шағын ауданының терiскей бетiндегi 5 қабатты 45 пәтерлi тұрғын үйдiң iшкi орам желiсiнiң құрылысы және абаттандырылуы. (Жүзеге асырылу мерзiмi — 2015 ж., сметалық құны — 35,5 млн. теңге). Инженерлiк желiнiң жалпы ұзындығы 0,86 км, абаттандырылу аумағы 4 494 м2. Жұмысты аяқтау 2015 жылдың 4 тоқсанында деп жоспарлануда.
Бурабай ауданының Щучье қаласындағы Магнитная және Школьная көшелерiнiң бойындағы екi 75 пәтерлi тұрғын үйдiң сыртқы инженерлiк желiлерiнiң құрылысы мен оларды абаттандыру. (Олардың жүзеге асырылу мерзiмi — 2014-2015 ж., сметалық құны — 144 млн. теңге).
1 жоба — Көкшетау қаласындағы 280 орындық мектепке дейiнгi бiлiм нысанының құрылысы бойынша (жүзеге асыру мерзiмi — 2013-2016 жылдар, жоба құны — 686,2 млн. теңге). Бұл жерде 2-қабаттың кiрпiшiн қалау жұмыстары жүргiзiлуде. Жылумен және сумен жабдықтаудың сыртқы желiлерi бойынша жұмыстар аяқталған.
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
«Тәуелсіздік дәуірі» жобасы - егемен ел шежіресі
-
Қайырымдылық жобасы 2 млн адамды қамтыды
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті
-
Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал
-
«Birgemiz: Bilim» жобасы: Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауыл балаларына қолдау көрсетілді
-
Заң жобалаpын қоғамдық талқылау тәсiлдеpi кеңейтiлетiн болады
-
Ауылды елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту жөнінде мемлекеттік жоба дайындалмақ
-
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті
-
Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасты
-
Су саласын цифрландыру, заңнаманы жетілдіру қалай жүзеге асуда

