- Басты
- Жаңалықтар
- 108 жас авиатор Қазақстанның ӘӘК-нің бөлімдеріне қызмет етуге аттанады (ФОТО)
108 жас авиатор Қазақстанның ӘӘК-нің бөлімдеріне қызмет етуге аттанады (ФОТО)
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 108 түлегіне ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «лейтенант» бірінші офицерлік атағы берілді, жоғары білімі туралы дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді.
Бітірушілер қатарында ҰҚШҰ-ның бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнында білім алған Қырғызстан мен Тәжікстанның 15 өкілі бар. Бозбалалар әскери істі оқып-үйренді, авиациялық мамандықтарды игерді, дене төзімділігін дамытты. Төрт жыл ішінде жоғары оқу орнының командалық және профессорлық-оқытушылар құрамының қорғауымен кешегі оқушылар өз елін қорғауға дайын нағыз офицерлерге, тәртіпті әскерилерге, білікті авиациялық мамандарға айналды. Оқу барысында курсанттар Әскери-әуе күштерінің авиациялық бөлімдерінде ұшу практикасы мен әскери тағылымдамадан өтті, авиациялық техниканың ұшу және техникалық пайдаланудың практикалық машығын меңгерді.
«Жауынгерлік басқару офицерлері» мамандықтарының курсанттары 20-дан аса өзіндік оқу-жаттықтыру көздеулері мен әуе кемелерін басып алуды жүзеге асырды. Ал инженерлік-техникалық құрам ӘӘК бөлімдерінің ұшуларын қамтамасыз етуде белсене атсалыса отырып, ұшақтардың әртүрлі типтерінде 100 сағаттық регламенттік жұмыстарды орындады. Барлық курс бойынша қазіргі түлектердің жалпы ұшып өтуі Ан-26-да 209 сағатты, Л-39-да 388 және Ми-8-де 349 сағатты құрады.
Жас офицерлердің арасында Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында білім алу кезінде әскери авиациялық мамандардың кәсібін игеріп қана қоймай, сонымен бірге спортта, ғылыми жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізді, оқу-материалдық базаны жетілдіру бойынша ұтымды ұсыныстарын ұсынды. Лейтенаттардың шығарылымы ерекше жөн-жоралғымен орындалған салтанатты рәсім екенін айта кеткен жөн. Әскери бөлімнің нақышы, даңқы мен мерейі, ата-бабаларымыздың ерліктері мен Отан қорғаудың қасиетті борышы болып табылатын Жауынгерлік Туды шығару, алғашқы офицерлік вальс, жоғары оқу орнының курсанттары ретіндегі соңғы марш.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы