Б.Аяған: Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тарихи танымды жаңғыртады

13 Қазан, 2015 16:07
Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тарихи танымды жаңғыртады, деп хабарлады Мемлекет тарихы институтының диреткоры, тарих ғылымдарының доктары, профессор Бүркіт Аяған «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.

«Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту өте маңызды. Біз кеңестік идеологияда тәрбиелендік, біздің тарихымыз 1917 жылдан басталады, ал мұнда тарихымыздың тұңғиығы ашылады. Астанада 11 қыркүйекте өткен халықаралық конференцияда Елбасы Н.Назарбаев біздің тарихимыздың бұрмаланғанын хабарлады. Мен онымен толығымен келісемін.  Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тарихы танымды жаңғырту болып табылады», - деп сендірді сарапшы.

Тарихшының айтуынша, Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтардың  тарихының белгілі бір кезеңі.

«Үйсіндердің, сақтардың, Түркі қағанатының, Қыпшақтардың, Алтын орданың және т.б. халықтардың тарихы болды. Көптеген халықтар Қазақстанның құрылу тарихына үлкен қызығушылық таныта бастады, мектеп оқушылары, студенттер тарапынанда қызығушылық өте жоғары», - деп жалғастырды Б. Аяған.

Сарапшы атап өткендей, Қазақстан халық Ассамблеясының 3 бағыт бойынша жүрген экспедициясы үлкен жетістік болып табылады. 

«Мерейтойды қорытындылайтын болсақ, рас той аяқталды, алайда тарих жалғасуда. Тарихи зерттеулер жалғасады», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар