- Басты
- Жаңалықтар
- 2021 жылға дейін 75 пайыздық жергілікті қамтуы бар мұнай-газ компанияларына 20 пайыздық жеңілдік болады
2021 жылға дейін 75 пайыздық жергілікті қамтуы бар мұнай-газ компанияларына 20 пайыздық жеңілдік болады
«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуsy екі жағынан қарастыруға болады. Біріншіден, бұл біз үшін үлкен абырой. Ал екінші жағынан отандық кәсіпкерлер үшін сынақ. Себебі, бұл ұйымның ережесі жергілікті қамту мәселесінде мемлекеттік қолдаудың механизимдерін пайдалануға айтарлықтай шектеу қояды. Дегенмен, Қазақстан жер қойнауын пайдалануда 2021 жылдың 1 қаңтарына дейінгі өтпелі кезеңнің шарттарын пайдалана отырып, қолданыстағы келісімшарттардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді сақтап қала алды. Аталған шарт 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін немесе аяқталу уақытының бастапқы мерзіміне дейін жасалған келісімшарттарға қолданылады», – дейді вице-министр.
Оның айтуынша бұрын Қазақстанда жұмыс істейтін мұнай-газ компанияларына жасалатын 20 пайыздық шартты жеңілдікке бүгінгі күні өзгеріс енгізілген.
«Екінші бір мәселе қызметтерді сатып алу нарығы. Бұл жерде де Қазақстан жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттарды жергілікті қамту жөніндегі талаптарды жоғалтқан жоқ. Ол 50 пайыздық деңгейде. Бүгінге дейін мұнай-газ компанияларының сатып алудағы 20 пайыздық шартты жеңілдік сақталып қалды. Бұған дейін бұл жеңілдік құрамында 75 пайыз қазақстандық жұмысшылар істейтін компанияларға берілетін еді. Ал қазір шамамен 50 пайызы қазақстандық жұмысшылар қызмет ететін компанияларға беріледі», – дейді М.Мырзағалиев.
Анар Тәңірқұлова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма