- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Бекежанов әндерінің республикалық байқауына 20 әнші қатысты (ФОТО)
Н.Бекежанов әндерінің республикалық байқауына 20 әнші қатысты (ФОТО)
Нартайдай нар тұлғаның халқына қалдырған мол мұрасы ел жадында. Оның өзгеше өнер туындылары қазақ мәдениетінің мәйегіне айналып отыр. Байқаудың басты мақсаты да Нартайдың азаматтық, өнерпаздық бірегей тұлғасын жас ұрпақтың санасында жаңғырту болды. Сондай-ақ, бұл байқау республика көлеміндегі дәстүрлі әншілердің тәжірибе алмасуына, Қазақстандағы дәстүрлі ән мектептерін бір арнада тоғысуына себеп болды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев қазақ ән өнерінде сырнай дәстүрін қалыптастырушы, әнші-композитор, замана бұлбұлы Нартай Бекежановтың 125-жылдығымен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Халқы қадірлеген Нартайдың өнері сан ұрпақ сусындап, жас өнерпаздар табына бас иетін кәусар бұлақ тәрізді. Биыл сол құдіретті өнердің иесі Нартай Бекежановтың 125 жылдық мерейтойы. Тәуелсіз елдің жаңа ұрпағы Нартай мұрасына мүлде тың тұрғыдан келіп, оның келешек өрісіне соны серпін беретініне біз кәміл сенеміз», - деді облыс әкімі.
Өнер додасына еліміздің әр өңірінен 22 үміткер қатысты. Олар байқау барысында Н.Бекежановтың шығармашылығынан бір ән және өз өңірінің дәстүрлі ән мектебінің бір әнін орындады. Байқауға Рамазан Тайманов, Шахмардан Әбілов, Алмас Алматов, Қажыбек Бекбосынов сынды дәстүрлі ән-жыр майталмандары қазылық етті.
Конкурс қорытындысы бойынша Нартай жыр мектебінің ізін жалғастырушы Қызылордалық Мұхамедәлі Бекпейісов Бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал атыраулық Ақмарал Ноғайбаева -1 орын, астаналық Зульфия Баймырзаева – 2 орын, қарағандылық Дәуренбек Аркенов 3 орынды иемденді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты