• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да ДСҰ аясында 2021 жылға дейін жер қойнауын пайдаланушылар үшін мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтамасыз ету бойныша міндеттемелер сақталады

ҚР-да ДСҰ аясында 2021 жылға дейін жер қойнауын пайдаланушылар үшін мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтамасыз ету бойныша міндеттемелер сақталады

13 Қазан, 2015 11:26
ҚР-да ДСҰ аясында 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін жер қойнауын пайдаланушылар үшін мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтамасыз ету бойныша міндеттемелер сақталады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуsy екі жағынан қарастыруға болады. Біріншіден, бұл біз үшін үлкен абырой. Ал екінші жағынан отандық кәсіпкерлер үшін сынақ. Себебі, бұл ұйымның ережесі жергілікті қамту мәселесінде мемлекеттік қолдаудың механизимдерін пайдалануға айтарлықтай шектеу қояды», - деді сөз басында М. Мырзағалиев.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан жер қойнауын пайдалануда 2021 жылдың 1 қаңтарына дейінгі өтпелі кезеңнің шарттарын пайдалана отырып, қолданыстағы келісімшарттардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді сақтап қала алды.

«Аталған шарт 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін немесе аяқталу уақытының бастапқы мерзіміне дейін жасалған келісімшарттарға қолданылады», - ждеп түснідірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бойынша келіссөздер 19 жылға созылды. Қазақстан 1996 жылы 29 қаңтарда өтініш берді. Біздің мемлекетіміз 2015 жылы 15-19 желтоқсанда Кенияда өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының оныншы министрліктер конференциясында ресми түрде 162 мүшесі атанады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар