• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ИДМ Мәскеуде Үйлестірілген көліктік саясаттың негізгі бағыттары жобасын таныстырды

ҚР ИДМ Мәскеуде Үйлестірілген көліктік саясаттың негізгі бағыттары жобасын таныстырды

13 Қазан, 2015 13:49
Мәскеуде ЕАЭО елдерінің құзыретті министрліктер мен ведомстволар кеңесінде энергетика мен инфрақұрылым коллегиясының мүшесі Таир Мансұровтың төрағалығымен Үйлестірілген көліктік саясаттың негізгі бағыттары жобасын таныстырылды, деп хабарлады ҚР ИДМ.

Жобаны әзірлеуші ҚР Инвестициялар және даму министрлігі болып табылады.

Айта кетейік,  жоба  экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуді, бірыңғай көліктік кеңістіктің қалыптасуы мен бәсекелестік ашықтығын қарастырады.

«Жобаны жүзеге асыру көліктік жүйенің жаңа сапалы қызмет көрсету деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.  ЕАЭО мүше-мемлекеттердің  көліктік  жүйесін дамыту  халық пен экономиканың қажеттілігіне жауап береді», - деді ҚР ИДМ Экономикалық интеграция департаментінің директоры Олжас Раев.

О.Раев атап өткендей, инфрақұрылымды дамыту мен мүше елдердің  көліктік дәліз і жолаушылар мен жүк тасымалына  қызығушылық арттырады.

 

Барлық жаңалықтар