• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық палуандар «Еуразия барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық палуандар «Еуразия барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

13 Қазан, 2015 12:29
Қазақстандық палуандар «Еуразия барысы» III Халықыралық турнирінің жеңімпаздары атанды, шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының  әкімдігі хабарлағандай, алаңда Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан палуандары бас қосты. Сайыс 55,56,74,82,90,100 және 100-ден жоғары салмақ бойынша өткізілді. Қазақстан құрамасы Польша мен Ресей командаларымен бақ сынады. Қазақстандық спортшылар жеңіске жетті.

Өзбекстан спортшылары екінші орын алды, үшінші орынға Грузиялықтар ие болды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болды.

«Бұл туринир – Жамбыл облысының бетке ұстар додасы. Бізде осындай шара өтіп жатқаны үлкен мәртебе. Туринир аталмыш спорт түрінің насихатталуына септігін тигізері сөзсіз», - деді облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев.

Айта кетейік, Халықаралық туринирге Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның 8 комадасы қатысты.

 

 

Барлық жаңалықтар