«Орыстар» жобасын әзірлеушілер: Отанды сүю – мемлекеттік тілді білу

13 Қазан, 2015 11:09
Отанды сүю – мемлекеттік тілді білу, деді қазақ тілін қызықты бейнебаяндар арқылы үйрететін «Орыстар-шоу» жобасының авторлары Сергей Закора, Семен Махов және Евгений Шворнев, олардың интернет желісіндегі бейнебаяны 2 млн көрермен жинаған.

«Біз қазақ қызықты бейнебаяндар  арқылы  тілін үйрететін  «Орыстар»  жобасын құрдық.Біз істе қазақ тілін өте оңай жолмен, махаббатпен үйрену керектігін дәлелдейміз», - деді жобаға қатысушы.

Айта кетейік, аталмыш жоба интернетте жоғары  танымалдылыққа ие болды, «Орастар» бейнебаянын көргендер саны 2 млн-ға жеткен.

«Бізге «Бұл істі қалай бастыңдар№» деген сұрақ қояды. Өте оңай. Бұл біздің азаматтық ұстанымымыздың бөлігі. Біз Қазақстан елінің азаматымыз.Отанды сүю – мемлекеттік тілді білу деп білеміз. Бұл сөздер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі, барлығымыз жарқын болашақ туралы армандаймыз, қазақ тілін бізбен бірге үйреніңіз, бұл «Мәңгілік елдің» іргетасы. Бұл біздің «Мәңгілік ел» кеңістігіне қосқан үлесіміз», - деді жобаға қатысушы.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар