- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
СҚО-да 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
«2015 жылдың 1 қазанына дейiн облыста 10448 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспардың 97 пайызы орындалды. Ауыл шаруашылығы саласында 3275, сауда-саттық және автокөлiк жөндеуде 1297, құрылыс саласында 1211, көлiк және қаттап тастауда 99, денсаулық сақтауда 13, өзге салаларда 3279 жұмыс орны ашылды», — дедi Асқар Жоламанұлы.
Жалпы облыста жұмыссыздық деңгейi төмендеп жатыр. 2012 жылдан 2015 жылдың қыркүйек айына дейiнгi жұмыссыздық деңгейi 5,2 пайыздан 5,0 пайызға дейiн, жастар арасындағы жұмысссыздық (15-28 жас аралығында) 5,5 пайыздан 2,8 пайызға дейiн төмендедi.
Жыл басынан 66 бос орындар жәрмеңкесi ұйымдастырылды. Бұл жәрмеңкелерге 2766 азамат қатысты, 968 жұмыссыз жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, облыста «Халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының және «Өрлеу» жобасының шараларына қатысу мүмкiндiгi туралы мобильдi топтар ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда.
Бұдан кейiн аппараттық кеңесте тоқтап тұрған кәсiпорындарды iске қосу мәселесi қарастырылды. Бұл мәселе бойынша индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Жүсiпов баяндады.
«Облыста 80-нен астам тоқтап қалған өндiрiстер мен қолданылмайтын өндiрiстiк ғимараттар анықталды. Барлық нысандар бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Облыс аудандарында 41 тоқтап қалған өндiрiс бар, олардың 23-iнде ешқандай жабдығы жоқ», — дедi Жанат Қабиденұлы.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн 12 нысан iске қосылды, олардың 7-уi өндiрiстiк.
Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов облыс әкiмiнiң орынбасары Мұхтар Манкеевке аудан әкiмдерiмен бiрге тоқтап тұрған өндiрiстердi iске қосу бойынша Жол картасын даярлауды тапсырды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді