КО аймағындағы транзиттік тауар тасымалы жеңілдетіледі – ҚМ

31 Қазан, 2013 10:51
Қазақстанның Кеден қызметі КО аймағындағы транзиттік тауар тасымаланың жеңілдетілетінін айтты, деп хабарлайды Комитеттің баспасөз қызметі.

ҚР ҚМ Кедендік бақытау комитеті хабарлаған КО аумағындағы транзиттік тауар тасымалының жеңілдетілуі Беларусь, Қазақстан мен Ресей аумағы бойынша кедендік транзит процедурасы арқылы тауар тасымалы үшін қажетті кедендік төлем мен салықты қамтамасыз ету Сертификатының берілуімен бекітіледі.

Хабарламада айтылғандай, бұрындары аталмыш сертификат қағаз түрінде КО елдерінің арасындағы тасымалға ғана берілген. Бұл процедура қосымша төлемдер мен шығындарға себеп болғаны анық.

Айта кету керек, КО Кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында және кедендік салықтың өз мезгілімен мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ету үшін Ресейдің Федералды кедендік қызметі тарапынан 2013 жылдың 14 қыркүйегінде Ресей Федерациясы аумағы бойынша тауар тасымалы кезіндегі кейбір заңнамалар өзгертілді.

 

Барлық жаңалықтар