- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында қайта жаңғыртылған «Динамо» спорт кешені пайдалануға берілді
Алматы облысында қайта жаңғыртылған «Динамо» спорт кешені пайдалануға берілді
Ғимарат өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Соңғы жылдары қатты ескірген кешенге құрылыс жұмыстары қажет болатын. ІІД басшысы полиция генерал-майоры М. Ұрымхановтың өтініші бойынша облыс әкімі Амандық Баталов қажетті қаражат бөліп, заманауи және сапалы нысанның бой көтеруіне өз үлесін қосты.
Кешеннің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген өңір басшысы А.Баталов:
«1970 жылдары салынған «Динамо» спорт кешенінен осы күнге дейін көптеген спорт шеберлері мен Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері түлеп шыққан. Елбасының тапсырмасына сәйкес полиция қызметкерлері жыл сайын қызметіне сәйкестігін анықтау мақсатында аттестациядан өтіп тұратын болады. Кешен құрылысын үнемі назарымда ұстап тұрдым. Менің ойымша пайдаланылған құрылыс материалдары сапалы, құрылыс жұмыстары да құрылыс ережелеріне сай жасалған. Осы мақсатта бүгінгі ашылып отырған кешен әрбір тәртіп сақшысының физикалық бойын шынықтырудағы таптырмас дайындық орны. Полиция қызметкерлерінің түрлі спорт түрлерінен Қазақстан аумағында ғана емес, одан тыс шет мемлекеттерде де көрсетіп жатқан нәтижелерімен таныспыз», - деді.
Келесі болып құттықтау сөзін сөйлегендер - Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Ұрымханов пен өткен ғасырда «Динамо» спорт кешенінің салынуына бірден-бір себепкер болған еңбек ардагері сөз сөйледі.
Құттықтау сөздерінен кейін жаңа кешеннің лентасы қиылып, жиылғандар кешеннің ішкі құрылымымен танысты. ІІД бастығы М. Ұрымханов жиылғандарды бокс және күрес залдарымен, жүзу бассейнімен, одан кейін фитнес жаттығу залы, воллейбол және баскетбол ойнауға арналған залдармен, сондай-ақ шағын асханамен таныстырды.
Кешеннің ашылуына арналған шара аясында Алматы облысы әкімдігі, облыстың ұлттық қауіпсіздік департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, Алматы қаласының ішкі істер департаменті, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің облыстық департаменті, төтенше жағдайлар департаменті командаларының қатысуымен шағын футбол және воллейбол ойындарынан тартысқа толы кездесулер өткізді. Кіл мықтыдан ең мықтылары анықталып, арнайы кубок пен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алматы облысы әкімдігінің волейбол командасында облыс әкімі Амандық Баталов ойынның басынан соңғы секундына дейін қызықты ойын өрнегін көрсетіп, талай жастарға үлгі бола білді.
Ескерте кетсек, ғимарат Талдықорған қаласындағы «Жетісу» орталық стадионының маңында орналасқан. Кешенде спортта жақсы нәтижелер көрсету үшін барлық жағдайлар қарастырылған.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда