• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Александр Лукашенконы Беларусь Республикасы Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Александр Лукашенконы Беларусь Республикасы Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады

12 Қазан, 2015 20:08
Мемлекет басшысы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісіне байланысты Александр Лукашенкоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта белорус халқы А.Лукашенконың елді дамыту жолындағы саясатына тағы да сенім білдіргені атап өтілген.

«Беларусь бүгінде өз азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірегей әлеуметтік-экономикалық даму үлгісін табысты әрі жүйелі түрде жүзеге асыруда», – делінген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ А.Лукашенконың қайта сайлануы Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарын жүйелі дамытудың және екі елдің ықпалдастығын ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ аясында тереңдете түсудің сенімді кепілі болып саналатынын айтты.

Соңында Қазақстан Президенті белорус көшбасшысына мықты денсаулық және табыс тіледі. 

Барлық жаңалықтар