- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында үш балалар ойын алаңы тұрғызылды
Ақмола облысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында үш балалар ойын алаңы тұрғызылды
Жаңа әткеншектер, сырғанақтар, өрмелеуіштер, кішкентай балаларға арналған әр түрлі алаңқайлар, спорттық алаңдар Аршалы ауданының Түрген, Ақбұлақ, Константиновка ауылдарында балалар игілігіне берілді. Ақбұлақ ауылында балалар алаңы «Березка» бала бақшасының ауласында орналасқан.
Ойын алаңдары балалардың неше түрлі әткеншектерде тербеліп, жұмсақ құм үстінде ойын ойнап, таза ауамен демалу кезінде отыратын орындықтармен, сондай-ақ, ересек балаларға арналған белтемірлер және басқа да құралдармен жабдықталған.
Жобаның жалпы құны 3 млн. теңгені құрап отыр. «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы ауданда 2012 жылдан бастап іске асырылуда. Бағдарлама мақсаты – аудандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
«Бұл алаңдар балалар мен ата-аналардың көңілінен шығады деген сенімдеміз» - деді аудан әкімі Жомарт Нүркенов.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады