- Басты
- Жаңалықтар
- Бюро Сенат отырысының күн тәртібін анықтады
Бюро Сенат отырысының күн тәртібін анықтады
Алдағы бейсенбі күні сенаторлар он екі заң жобасын қарауды жоспарлады. Депутаттар қарауына Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары енгізіледі.
Палата отырысында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасы және заңнамаға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша ілеспе түзетулер (бірінші оқылым) қаралады. Сенат депутаттары сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заң жобасын, және заңнамаға мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді (бірінші оқылым) талқылайды.
Сенаторлар сондай-ақ «Өзін-өзі реттеу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» заң жобаларын және ілеспе заңдардың жобаларын қарайды. Сонымен қатар заңнамаға жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, электр энергетикасы, жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобаслары қаралады.
Одан басқа, Бюрода таяуда Мәжілістен түскен он сегіз заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы және заңнамаға осы заң жобасы бойынша ілеспе түзетулер берілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларымен Қаржы және бюджет комитеті шұғылданатын болды.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулер бойынша бас комитет болып белгіленді. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы, «Ақпараттандыру туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулер, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары тапсырылды.
Осы комитетке индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша түзетулер жобасы да берілді. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті«Қайырымдылық туралы» заң жобасы, Еңбек кодексінің жобасы және заңнамаға ілеспе түзетулер, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне «Органикалық өнім өндіру туралы» заң жобасы және заңнамаға органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша түзетулер берілді. Бас комитеттер Сенаттың барлық тұрақты комитеттерінің ұсыныстарын пысықтап, осы заң жобалары бойынша Палатаның отырысына қорытынды әзірлейтін болды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме