- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы ұлттық валютаның 20 жылдығына қазақстандық нумизматиканың толық жинағын ұсынады
ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы ұлттық валютаның 20 жылдығына қазақстандық нумизматиканың толық жинағын ұсынады
«Көрмеде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен дамуындағы 20 жылдық теңге тарихын еске салатын мұрағаттық фото, видеоматериалдар мен түрлі құжаттар қойылады. Соның ішінде Ұлт Көшбасшысы – ҚР Алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке мұрағатынан да баспалар алынады», - делінген хабарламада.
Көрменің тағы бір ерекшелігі – бұл жерде Қазақстан нумизматикасының толық жинағын көруге болады. Теңгенің алғашқы жылдарындағы тиындар мен теңгелерден бастап инвестициялық және коллекциялық тиындар мен халықаралық сарапшыларды мойындатқан банкноттар да бар.
Қазақстан теңгесі полиграфия мен тиын-медаль өнерінің жарқын үлгісі. Ұлттық банктің әлемді мойындатқан сапалы банкноты мен тиындары осында көпшіліктің назарына мақтанышпен ұсынылады.
Мұражай экспонаттарының ішінен бұдан бөлек «Ұлы Жібек жол», «Әлемнің ең ұсақ тиындары», «Жануарлар», «Әлемнің атақты мешіттері», «Шығыс күнтізбесі», «Спорт», «Көшпелілер алтыны», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Архитектуралық және тарихи ескерткіштер», «Қазақ халық ертегілері», «Республика жетістігі» және өзге де алтын мен күмістен жасалған тиын түрлерін көруге болады.
Қазақстан теңгесі өзге де мемлекеттік символдармен қатар еліміздің экономикалық және әлеуметтік өмірдің көрінісінен хабар береді. Ұлттық валютаны енгізу ұлттық экономиканың аяққа тұруы мен еліміздегі нарықтық экономиканың белең алуының алғышарты болды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”