- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Тоқаев: Қазақстанның салық саясаты ұлттық экономиканың талаптарына және қазіргі кездегі жаһандық қатерлерді ескеруі тиіс
Қ. Тоқаев: Қазақстанның салық саясаты ұлттық экономиканың талаптарына және қазіргі кездегі жаһандық қатерлерді ескеруі тиіс
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кіріспе сөзінде мемлекеттің салық саясаты «еліміздің экономикалық даму стратегиясының басты құралдарының бірі болып табылады» деп атап өтті. Төраға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиялық даму жоспарында салық саясатын жетілдірудің басты бағыттарын айқындап бергенін атап өтті.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында салық режимдері мен рәсімдерін оңтайландыру, кірістер мен шығыстарды жаппай салықтық декларациялау, тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізу, кеден және салық жүйелерін интеграциялау секілді шаралар көзделген. Қ.Тоқаевтың пікірінше, мемлекеттің салық жүйесі ұлттық экономиканың талаптарына және қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруі тиіс, олардың қатарында еліміздің кірісін төмендетіп отырған мұнай бағасының арзандауы; экономикалық өсімнің баяулауы; ұлттық валюта бағамының төмендеуі; Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың ықпалы да бар.
Сенат Төрағасы салық жүйесі бюджетті теңгерімдеумен қатар, экономиканың құрылымдық өзгерістері мен инновациялық дамуын қамтамасыз етуге, жоғары технологиялық өндірісті құруға және шикізаттық емес экспорт пен өңделген өнімнің өсімін ынталандыруға бағытталуы тиіс деп санайды.
«Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттің және салық төлеушілердің мүдделерін үйлестіре отырып, тиімді және болжамды салық жүйесін құру», - деді жоғарғы Палатаның басшысы. Шараға қатысушылардың сөйлеген сөздерінде Қазақстанның салық жүйесін жаңғыртудың түрлі мәселелері туралы сөз болды.
Атап айтқанда, ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының бес институттық реформасын іске асыру аясында салық салу жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобаларының мазмұнына тоқталды. Ұсынылған шаралар көлеңкелі экономиканы қысқартуға және салық әкімшілендірулерді жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік бюджеттің атқарылу жағдайы және салық пен кедендік әкімшілендіру жүйесін реформалау шаралары туралы қаржы министрі Бақыт Султанов хабардар етті.
Қазіргі кезде Парламентте қаралып жатқан өзгерістерде қосымша құн салығын төлеушілер аясын кеңейтуге, электронды құжаттарды қолдану, рәсімдерді оңайлату, бақылау түрлерін жетілдіру де бар. «Атемекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов Қазақстандағы бизнестің инвестиялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін, қабылданған ережелерді жан-жақты және егжей-тегжейлі талдау қажеттігіне назар аударды.
Сенат депутаттары баяндамашыларға акциздік постарды жаңғыртуға, қосымша құн салығына және пайдалуы қазбаларды өндіруге салық есептеу тәртібін өзгертуге, ЕАЭО туралы шарттың күшіне енуі аясында бизнесті жүргізу келешегі, заң шығару үдерістеріне салық төлеушілердің пікірін ескеруге қатысты сауалдар қойды. Дөңгелек үстел отырысын қорытындылаған Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға қатысты талқыланған маңызды тақырыптарға тоқталды және бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында салық әкімшіліктендіруді жетілдіру және алдын алу-бақылау шараларын оңтайландыру мәселелерін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда