Шығыс Қазақстанда астық жинау аяқталды

13 Қазан, 2015 09:07
ШҚО-да астық жинау аяқталды: 570 мың га астық жиналып, 379 мың га бидай жиналды, бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлім болды.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, бүгінгі таңда астық жинау толық аяқталды. Астық жинау 95 пайыз деңгейінде жүзеге асты. Картопты жинау 428,3 мың тоннаны құрады.

Сондай-ақ, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айтқазы Шерубаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының аясында облыстағы энергетикалық инфрақұрылымды дамыту Жол картасының орындалу барысымен таныстырып өтті.

Ауылшаруашылық басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов 2015 жылдың егін жинау жұмыстарының нәтижесі мен «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламаларының орындалу барысы жөнінде хабарлады.  

Жиын соңында облыстың бюджеттік бағдарламалардың игерілу мәселесі қаралды.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жиын қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар