- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 3 жылдан асқан көліктерге бастапқы тіркеу 500 АЕК-ні құрайды
Қазақстанда 3 жылдан асқан көліктерге бастапқы тіркеу 500 АЕК-ні құрайды
«Заңға өзгерістер енгізілген жағдайда автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін алымға өзгерістер енгізу және автокөліктерге экологиялық талаптарды бекіту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін алым 0,25 есептік көрсеткішті құрайды, бұл шамамен 500 теңге. Шара енгізілген жағдайда жаңа автокөліктерді тіркеу үшін алым бұрынғы баға, яғни 0,25 есептік көрсеткіш мөлшерінде қалады», - деді ол.
Оның айтуынша, егер 1-3 жыл аралығындағы көліктерге қойылатын бір реттік алым 50 есептік көрсеткіш болса, 3 жылдан асқан көліктерге алым 500 есептік көрсеткішке жетеді. Ал автобустар мен жүк көліктеріне алым одан да қымбат болады.
«Бұл шара ДСҰ тарапынан рұқсат етілген балама ретінде енгізілмек. Бірқатар елде, нақтырақ айтсақ, Венгрия, Дания, Болгария мен тағы бірнеше елде бұл алым бар. Осы мемлекеттердің барлығында бір реттік алым көліктің шығарылған жылына қарай алынады. Заңға енгізілетін өзгерістің екінші мақсаты ұсталған көліктерді Қазақстанға әкелуді азайту», - дейді Альберт Рау.
Ботагөз Айтжанова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды