- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да ірі жүк тасымалы үшін тежегіш колодкалар дайындайтын зауыт жаңа өндірісті ашуды жоспарлануда
ОҚО-да ірі жүк тасымалы үшін тежегіш колодкалар дайындайтын зауыт жаңа өндірісті ашуды жоспарлануда
2008 жылы Мұрат Жұматаев Оңтүстік Қазақстанда «DDEK» ЖШС тіркеді. Кәсіпорынның тұңғыш өнімі ескі, советтік станоктарда шығарылды. М.Жұматаев кейіннен өндірісті жаңғыртты. Өнім түрі мен ауқымы кеңейді.
Қазіргі таңда «DDEK» ЖШС-і Қазақстан бойынша ауыр жүк автокөлігіне қажет тежегіш (колодкаларын) қалыптарын өндіретін жалғыз зауыт. Еуропалық эко стандартқа сай жаңа құрылғы сериялық өндірісті асбессіз тежегіш қалыбын шығаруға мүмкіндік береді. Жаңа желі ағымдағы жылдың желтоқсан айына іске қосылмақ. Қазіргі күні зауыт тежегіш қалыптардың бір түрімен аймақтың ішкі нарығын қамтамасыз етіп отыр.
Кәсіпорын пайыздық мөлшерлемесі 10% жәрдем алды. Яғни қарыз қаражаттың 7% «Даму» Қоры бағдарламасы аясында мемлекет төлесе, қалған 3% кәсіпорын өзі жабады.
Тежегіш колодкалары сан мәрте тестілеуден өткізіледі. Зертханалық стендтен бастап түрлі автокөлікте жол сынағынан өткізіледі. Кәсіпорын бұл өнімді Қазақстан мен Орталық Азия нарығына жеткізуді жоспарлап отыр. Зауытта бүгінде 30 адам жұмыс істейді.
«DDEK» ЖШС мұнан өзге шикі резиналық қоспалар мен резинатехникалық бұйымдарды шығарады. 3450 шаршы метр алаңда автокөлікке арналған тежегіш колодкалар, прокладкалар, сайлентблок және т.б. резинадан бұйымдар өндіріледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады