- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласын жетілдіруге бағытталған заң жобалары қаралды
Сенатта мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласын жетілдіруге бағытталған заң жобалары қаралды
«Құжат Мемлекет басшысы ұсынған бес институттық реформаны жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Бір жағынан мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қатысушылары мемлекет немесе квазимемлекеттік субъектілер және екінші жағынан – жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ осы жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржы ұйымдары болып табылады. Мемлекеттік органдардың өкілеттігін заңнамалық реттеу үшін заң жобасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі тиісті құзыреттер бекітілген», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобасын қолдаудағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуы жөніндегі құқықтық өкілеттіктер айқындалған.
Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құқықтық режимі нақтыланған, ол жекеше әріптестің инвестициялық шығынын өтеген кезде мемлекеттік меншікке беруге жатады.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес заң жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының орындалмауына ықпалын тигізетін өздерінің шарттық міндеттерін бұзған жағдайда жекеше әріптесті алмастыру жөніндегі нормалармен толықтырылған. Мұндай алмастыру айрықша мәнді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына ғана қатысты жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ Комитетте заңнамаға мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы түзетулер қаралды. Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қаржыландыру бөлігінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының құзыреті нақтыланды.
Индира Кауметова
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар