- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша 700-ден аса мобильдік топ жұмыс істейді
Қазақстанда жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша 700-ден аса мобильдік топ жұмыс істейді
Жасөспірімдер қылмысымен күресті күшейту және өкілетті органдар арасында осы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін сапалы өзгерту аясында 2011 жылы қадағалаушы органдар қамқорлығымен жасөспірімдер қылмысының профилактикасы бойынша мобильдік топтар құрылды.
Атап айтқанда, прокуратура органдарында алдын алу және идеологиялық жұмыстарды өткізу үшін ең проблемалық орта білім беретін мектептерге бекітілген ведомствоаралық (прокуратура, ішкі істер органдары, әкімдік және білім беру мекемелері қызметкерлерінен) мобильдік топтар құрылды. Сонымен қатар осы жұмысқа қоғамдық ұйымдар өкілдері тартылды.
Мобильдік топтар жұмысы жасырын сауалнамадан басталды, оның нәтижесі бойынша жекелеген білім беру мекемелерінің оқушылары мектепте ақшаны қорқытып алу жағдайларына тап болатынын көрсетті.
Бұдан әрі осындай жасырын сауалнамалар ай сайын өткізілді, бұл оқушыларға қатысты ең проблемалық мәселелерді анықтауға және оларға бірінші кезекте назар аударуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар жеке профилактикалық жұмыс іске асырылды, бұл педагогикалық құрамның және өз балалары үшін қорыққандықтан құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуге қауіптенген ата-аналардың мәселеге қатынасын өзгертуге мүмкіндік берді.
Мобильдік топтар оларға қолжетімді әдістермен қорқытып алу жағдайларына қатысы болған оқушылар арасынан да, мектеп түлектері арасынан да бейресми лидерлер туралы ақпаратты жинақтады. Нәтижесінде мектептердегі қорқытып алуға қатысы болған адамдар анықталды.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтың осы түріне мүмкіндік берген себептер мен жағдайларды жоюға баса назар аударылды. Жасөспірімдердің бірқатар ата-аналары жұмыспен қамтылды. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға әлеуметтік органдар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар тартылды.
Қабылданған шаралар кешенінің нәтижесінде мектептерде қорқытып алу фактілері санын айтарлықтай азайтуға қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта республика бойынша 700-ден астам мобильдік топ жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы мобильдік топтар 19 қылмыстық істі қозғады, заң бұзушылықты, оларға жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды жою туралы 65 ұсыныс енгізді, 500-ден астам өкілетті тұлғалар әртүрлі жауапкершілікке тартылды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады